homeСемей қаласының мүгедектерге арналған №3 үй (ары қарай Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық –әлеуметтік мекеме) 1970 ж №1 бұйрықпен Семей қаласының облыстық собес бұйрығымен ашылған.

Ең алғаш басқарған — Зайцев Леонид Кирсантьевич.  Алғаш интернатқа 10  адам түсті, біртіндеп 1971 жылы  адамдар саны 170 ке толды. 1986 жылы  Интернат жаңадан салынған үйге көшті.

Ал 1996 жылдан бастап үйімізді -Оразбекова Сауле Қапанқызы басқарды. Со кісінің  қолында  ұжымымыз  көркейіп  гүлдене түсті,  әр түрлі  жаңадан құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді, арнайы әлеуметтік қызметтер енгізілді, үйде тұру жағдайы жақсарды.

2013 жылы  мүгедектер мен  зейнеткерлерге  күндізгі болу бөлімі ашылды.

Ал 2007 жылы  Интерант  ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі әлеуметтік медициналық мекемесі» деп өзгертілді.

2014 жылдан бастап мекеменің дәстүрін сақтау қызметіне- Сексеналинова Гүлмира Идаятқызы тағайындалды.

Медициналық –әлеуметтік мекеме өздеріне-өздері күтім жасай алмайтын өздігімен жүре алмайтын  қарттар мен мүгедектерге   үнемі  тәулікті  күндізгі болу бөлімінде тұруға арналған  мекеме болып табылады.